АДГС: количество претендентов на государственную службу по новой системе отбора выросло в 2,7 раз

АДГС: количество претендентов на государственную службу
по новой системе отбора выросло в 2,7 раз

Новый алгоритм отбора на государственную службу был апробирован в прошлом году в 6-ти государственных органах. Это Агентство по делам государственной службы, Министерство транспорта, Министерство промышленности и строительства, Министерство торговли и интеграции, акиматы Акмолинской области и города Шымкента.
Для этого в прошлом году Агентством по делам государственной службы были проведены работы по модернизации интегрированной информационной системы «е-Qyzmet» путем полной цифровизации отбора.
На внешнем портале разработан новый алгоритм отбора на государственную службу, а также пересмотрен формат конкурсной процедуры. Благодаря новому формату кандидаты смогли участвовать в конкурсе на всех этапах в любое время и из любой точки мира, за исключением собеседований, проводимых в заранее установленное время.
В 1246 конкурсах, проведенных в государственных органах, где был запущен пилот, приняли участие 5815 кандидатов, из них 652 были признаны победителями.
Об этом сообщил Председатель АДГС Дархан Жазыкбай на коллегии госоргана по итогам работы за 2023 год.
По словам Дархана Жазыкбай количество участников в конкурсах по новой системе увеличилось в 2,7 раза (4,6 человека) в сравнении с показателем отбора по старой системе (1,7 человека). Это, в свою очередь, свидетельствует о том, что интерес граждан к государственной службе в рамках нового проекта возрос. В этом году планируется поэтапное масштабирование новой системы отбора во всех государственных органах.
Также на коллегии глава АДГС рассказал о мерах Агентства по дальнейшей цифровизации кадровых процессов, как важного инструмента избавления от излишней бюрократии на государственной службе.
Отмечено, что в «е-Qyzmet» проведена интеграция со всеми важными информационными системами. В результате автоматизированы процессы получения информации о кандидате из других информационных систем, проверка наличия у него судимостей или причастности к другим нарушениям, проверка соответствия квалификационным требованиям. Это освобождает кандидатов на государственную службу от сбора ненужных документов.
При этом обновлены 24 модуля системы «е-Qyzmet», в том числе «Дисциплинарный контроль», «Оценка», «Командировки», «Обучение». В систему внесена полная информация обо всех госорганах и разработана ее мобильная версия. В настоящее время число пользователей системы составляет порядка 88 тысяч государственных служащих.

Пресс-служба АДГС РК

МҚІА: іріктеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке
үміткерлер саны 2,7 есе өсті

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі өткен жылы 6 мемлекеттік органда сынақтан өткізілді. Олар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Көлік министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері.
Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі іріктеуді толық цифрландыру арқылы «е-Qyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.
Сыртқы порталда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленді, онда конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік органдарда өткізілген 1246 астам конкурсқа 5 815 үміткер қатысып, оның 652-і жеңімпаз ретінде танылды.
Бұл туралы МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай 2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде хабарлады.
Дархан Жазықбайдың айтуынша, онлайн жүйе бойынша бір орынға қатысушылардың үлес көрсеткіші 4,6 адамды құрап, қолданыстағы (1,7 адам) іріктеу тәртібімен салыстырғанда қатысушылардың саны 2,7 есеге артты. Бұл, азаматтардың жаңа жоба аясында мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы біршама артқанын көрсетіп отыр. Биыл жаңа іріктеу жүйесін кезең-кезеңмен барлық мемлекеттік органдарда енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ алқа мәжілісінде МҚІА басшысы мемлекеттік қызметтегі бюрократиялық кедергілерден арылудың маңызды құралы ретінде кадрлық процестерді одан әрі цифрландыру бойынша Агенттікпен жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты.
«е-Qyzmet» — те барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілгені атап өтілді. Нәтижесінде өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сай келуін қарау процесстері автоматтандырылды. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады.
Сонымен бірге, «Е-қызмет» жүйесінің 24 модулі жаңартылды, оның ішінде «Тәртіптік бақылау», «Бағалау», «Іс-сапарлар», «Тағылымдама», «Оқыту» модульдері бар. Жүйеге барлық мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат енгізілді және оның мобильдік қосымшасы әзірленді. Қазіргі уақытта жүйені пайдаланушылар саны 88 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіні құрайды.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz