ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАКҚА ҮЛГІ.

Жеңіс күні — бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 75 жыл толыпты.

Соғыстан талай ерлер қаза болды,

         Қайғының орын толмас жара болды.

         Соғыстан қайтпаған қаншама ер,

         Қан майданда қан төкті.

Осы өлеңдер шумағымен бұл әңгіме ағалы-інілі екі азаматтың қан майдандағы өмірі туралы әңгімеленеді. Бірі жеңіспен оралса, екіншісі майданда қаза тауып ұрпағына есімін қалдырған ер азаматтар.

Әрине ол жылдары қаншама үйлердің оты сөнді, бірақ соған қарамастан арттарына қарайламай қанша ана, әпке, сіңлі, балалар еңбек етіп өмірлерін жалғастырды.

Өтеулиев Изтелеу және Өтеулиев Мухтар деген майдангерлер әңгіме болмақ.

Өтеулиев Изтелеу атамыз 1907 жылы кедей жанұясында, Гурьев облысы Үйшікті 8-ші ауылда дүниеге келген. Жастайынан қиыншылықты көріп, белогвардейцтерге 10 жастан бастап құл болып жұмыс істеп, солардың жараланған әскерлерін арбамен қалаға тасып жүріп, бейтаныс адамдармен танысып Астраханға қашып кетеді. Сол жерден медресеге түсіп, оқып бітіреді. Өз туған жеріне оралып, дарынды жасөспірім музыкант болып жұмыс істейді. Одан білімін жалғастырып бухалтерлік бітіріп ауруханада бас бухалтер болып жұмыс істеген. 1931 жылы отбасын құрып, еліне деген еңбегін жалғастырып жүріп, соғысты естігенде өз еркімен майданға аттанады. Қан майданда ерлік көрсетіп, Жеңіс күніне жеткенде Жапония соғысына аттанды. Ол жерден бұл кісі Отанына тірі оралып, еліне қызмет етіп, ардақты азамат, аяулы әке, құрметті  ата, 1982 жылы науқасттан қайтыс болады.

Інісі Өтеулиев Мұхтарға көз жүгіртетін болсак. Бұл майдангер 1924 жылы өмірге келген. Өмірде әрі буыны берікпеген жас жігіт өз еркімен 1941 жылы майданға аттанады. Отанға деген сүйіспеншілігімен ерлігін көрсетіп 1944 жылы 24 қырықүйекте Ленинград аймағындағы шайқаста ауыр жарақаттан қаза табады.

Жанұясына қаралы қағаз келеді. Онда » Отан үшін, ерлікпен күрескен Өтелиев Мұхтар 24 қыркүйек 1944 жылы қаза тапты. Жерленген жері Ленинград облысы Остров қаласы» делінген.

 

Осы әңгімені жаза отырып мына ән шумақтары еріксіз еске түседі.

Жаутаңдап қарап дала тұр

         Көз жасын сүртіп жаңа бір

         Хабарсыз ұлын сұрауға

         Жолыңды тосып ана жүр

         Қанша үйдің ұрлап адамын

         Қанша үйде сөніп қалды оттар

         Көрдің бе ұлын ананың

         Соғыстан қайтқан солдаттар.

 

Барлық майдангерлерге бас иіп тағзым етеміз. Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі есімізде болады.

1 комментария в “ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАКҚА ҮЛГІ.

  1. Изтлеу атамызды биз кишкентай немерелери мен жиендери папа дейтин едик. Кай Кез екенин билмеймин пенсияга шыккан кези шыгар бесинши километрде подхозда карауыл болып жумыс истеди. Есимде калганы кишкентай уйшик акшам кези ажемиз Менсулу апам сиырды сауып сутин писирип самауырыннын тутинин буркыратып шай ишип отырган кезимиз. Карангы самауырыннын шогына карап жатып папам Изтлеудин тизесине басымды койып уйыктап кететинмин. Мектепке барганша балалык кезим Сол кемпир шалдын касында отти. Кайран Кез есиме тускен кезде журегим ыстык тартады. Жаткан жерлери жайлы болсын жарыктыктардын. Изтлеу папам Менсулу апам Тойган мамам Султангали кокем Ракия мамам осы кисилердин аркасында балалык шак жаксылыкка толы болды.Беззаботное детство.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz