Ата-бабамыздың аңсаған арманы орындалған, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн Тәуелсіздік…

Ата-бабамыздың аңсаған арманы орындалған, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн Тәуелсіздік мерекесіне орай 15 желтоқсан күні Қалалық қуыршақ және жасөпірімдер театрында тағылымды мерекелік іс-шара болып өтті.

Аталмыш шарада «Әнұран» шырқалып, көрермен қауым қазақ елінің қалыптасу кезеңдері мен еліміздің көркеюі жолындағы айтулы тарихи маңызы зор оқиғаларды сипаттайтын көріністерді слайд-шоу арқылы тамашалады.
Театрымыздың балалар студиясы мерекеге арналған өлең-жырларын арнаса, жас актриса Оңалбек Жанат орындаған ақын Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңі барша жиналған қауымға рух беріп, өзге ұлт өкілдері де қазақ елінің мақтанышы екендігін тағы да айқын сезінгендей күйге бөленді.
Көркемдік жетекші Антонина Малюченко балалар студиясының қатысуымен көрермендермен тығыз байланыс орната отырып, қазақ жері мен салт-дәстүрлері туралы викториналық сұрақтар жүргізіп, балалар танымдық ұтымды жауаптармен алмасты.

Іс-шара соңы Т.Таубенің «Кот лиса» қойылымымен жалғасты.
Аталмыш шараның мақсаты да – өскелең ұрпақтың бойына қастерлі Тәуелсіздік ұғымын сіңіру, театрдың Отансүйгіштікке, патриотизмге, елін, жерін қорғауға насихатталған қойылымдарын көрсету арқылы оларды рухани тәрбиелеу болатын.
Құрметті көрермен!

16 желтоқсан күні сағат 12:00-де театр сахнасында өтетін жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Киелі алма» атты қойылымын тамашалауға шақырамыз!
Және бұл күні «Ерекше жол» қоғамдық қорының балаларына қайырымдылық қойылым көрсетілетін болады..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz