Шымкентте 5 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған бүгінгі тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сенбілік барысында Назарбаев даңғылында мың дана ағаш көшеті отырғызылса, Арғынбеков, Жангелдин көшелеріне, №1 автожолдың оң және сол жақ беттеріне мың дана және Қошқар ата өзені мен Дендросаябаққа 500 данадан, жалпы саны 5 500 дана ағаш көшеті отырғызылды. — Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті. Осы орайда бүгін жалпықалалық сенбілік өткіздік. Сенбілікте барша шымкенттіктер белсенділіктерін көрсетті. Жалпы, Отанымызға, қаламызға деген сүйіспеншілігі мол тұрғындар өз қолдарымен гүл түптерін қопсытып, қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарса, қаламыздың шырайына шырай қосады. Сол себепті, құрметті қайырымды қала тұрғындары, әрқайсымыз өз ортамызды шынайы сүйіп, ұқыппен қарауға шақырамын! Мәдениет осыдан басталады, — деді мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz