Шымкент қаласында Тәртіптік комиссиялар төрағаларымен бұзушылықтарды алдын-алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Шымкент қаласында Тәртіптік комиссиялар төрағаларымен
бұзушылықтарды алдын-алу мәселесі бойынша
дөңгелек үстел өткізілді

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алуға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық беруде.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Тәртіптік жауапкершілікті қарау процесінің негізгі аспектілерін талқылау, бұзушылықтардың себептерін анықтау және олардың шешу жолдарын ұсыну, тәртіптік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және бағыт бағдар беру мақсатында өткізілген дөңгелек үстелге Департамент басшысы Ш.Сұлтанхан, басқарма басшылары, тәртіптік комиссиялардың төрағалары, қоғамдық ұйым өкілдері және кадр қызметінің қызметшілері қатысты.

Күн тәртібінде тәртіптік комиссиялар жұмысының ағымдағы жағдайын талдау, олардың тиімділігі, оқыту мен қолдауды дамыту, тәртіптік комиссиялардың заңдылық пен объективтілікті қамтамасыз ету бойынша жұмысын жақсартуға бақытталған нақты ұсыныстар қалыптастыру сұрақтары қаралды.

Бұл ретте, талдау нәтижелеріне сәйкес тәртіптік жауаптылықты қарау барысында орын алатын бұзушылықтардың негізгі себептері тәртіптік жаза қолдану тәртібінің сақталмауы және жекелеген мемлекеттік мекемелердің тәртіптік комиссия мүшелерінің өздерінің міндетіне формальді қарауы болып отырғандығына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің тәртіптік комиссияларына заңнама талаптарын қатаң сақтау, материалдарды қарау кезінде объективтілікті, жан-жақтылықты және заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілді.

Атап өту қажет, Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып отырған мағыналас бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған жұмыстардың нәтижесімен 55 мемлекеттік қызметшінің құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілген, әдеп нормаларын сақтамау деректері бойынша тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 40%-ға төмендеген,
2023 жылы Департаментпен жүргізілген тексеру мен профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша 260-тан астам бұзушылық анықталып, енгізілген нұсқамаларды қарау қорытындысымен 9 қызметшінің құқығы қорғалған.

______________________________________________________

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Среда 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Среда 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz