Шымкент қаласы Қаратау ауданынан праймеризге түсіп жатқан Серкебаев Есенбек Салдарбекұлының сайлауалды бағдарламасы

Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты: Төрт түйінді мәселе

 Адамның денсаулығы мен бақуатты өмір сүруі

  • Індетпен күресті күшейту, ауруханаларды медициналық оттегі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Медицинаға бөлінетін қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қадағалау және талан-таражға түсуіне жол бермеу;
  • Дәрігерлердің мәртебесі мен әлеуетін көтеру;
  • Ана денсаулығы – болашақтың жарқын кепілі;
  1. Білім – өркениет жетегі
  • Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды интернетпен және компьютермен тегін қамтамасыз ету арқылы онлайн оқытуға жағдай жасау;
  • Ұстаздарды қоғамдық жұмыс пен қағаз бастылықтан босату;
  • Орта арнаулы және жоғары оқу орнын бітірушілерді жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
  • Студенттерге жол жүру билетін (проездной) қалпына келтіру;
  • Бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен тегін қамтамасыз ету.
  1. Шымкент – тұрмысқа ыңғайлы қала
  • Шалғайдағы тұрғын үй алаптары мен мөлтек аудандарды сапалы жолмен, қоғамдық көлікпен және интернетпен қамтамасыз ету;
  • Жол тораптарын кеңейту мен айналма жолдар салу арқылы кептеліс санын азайту;
  • Экология талаптарын сақтау арқылы таза және мәдениетті қалаға айналдыру;
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрмысына ыңғайлы жағдай жасау;
  • Азық-түлік бағасын қадағалау;
  • Шағын және орта бизнесті дамыту, жоспарлы тексерулерді алып тастау және әкімшілік кедергілерді азайту. Отандық өнімдерге қолдау көрсету.
  1. Мәдениетім мерейім
  • Қазақ тілінің мәртебесі көтеру және қолдану аясын кеңейту;
  • Жас таланттарға, қабілеті ерекше балаларға және спортшыларға қолдау көрсету;
  • Мәдени нысандар мен саябақтарды жаңарту;
  • Халықтың діни сауаттылығы мен рухани әлеуетін көтеру.

Өмірбаяны және отбасы туралы мәлімет

 Серкебаев Есенбек Салдарбекович07.07.1973 ж. Қазығұрт ауданында педагогтардың отбасында туған.

1990 жылы Қазығұрт ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебін үздік бітірген.

1996 жылы ҚазХТИ-дің «Автоматтандыру инженері» мамандығын бітірген. 2001 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың күндізгі Аспирантурасын бітірген.

1996 — 2005 ж.ж. ҚазХТИ-де, қазіргі М.Ауезов атындағы ОҚМУ-да ғылыми қызметкер, аға оқытушы.

2005 — 2007 ж.ж. «Қазақтелеком» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық Телекомуникациялар Дирекциясының «Ақпататты технологиялар орталығында» жетекші инженері.

2007 — 2013 ж.ж. «TS Engineering Development» ЖШС-ның Бас директоры. Шымкент-Плаза сауда-сауықтыру орталығын басқарушы компания.

2013 —  2014 ж.ж. «Компания ЮгПласт» ЖШС-ның директорының орынбасары. Қазақстандағы үздік бестікке енген су, кәріз және газ полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт. 2013 жылы зауыттың ашылуына сол кездегі премьер-министр Б.А.Сағынтаев, экология министрі Н.А.Қаппаров және ОҚО әкімі А.И.Мырзақметов қатысқан.

2014 — 2019 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да аға оқытушы, «Амина» Клиникасының қаржы директоры.

2019 — 2020 ж.ж. Шымкент қалалық №2 аурухананың Бас дәрігерінің әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары, «Амина» Клиникасының қаржы директоры.

Серкебаев Есенбек Салдарбекович бірнеше оқулық пен 30-ға жуық ғылыми еңбектер пен мақалалардың авторы. 2018 жылы қоғамдық бірлестіктің «Халық құрметі» медалімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы: отбасылы, 4 баланың әкесі.

 Үміткердің жеке қасиеттері: әр жылдары университетте дәріс бердім, Аспирантурада оқыдым, Өндіріс пен Құрылыс саласында басшылық қызметтерде, медицина саласында да қызмет атқарып үлкен іс-тәжірибе жинадым.

Адами құндылықтарды жоғары қоямын. Уәдеге берікпін. Жоспарлаған ісімді соңына дейін жеткізуге талпынамын.

Жұбайым: Сафарбаева Ляззат Кенжебевна – білікті дәрігер, «Амина» Клиникасының дәрігер гинекологы және УЗИ дәрігері.

Отбасымдағы балаларымның барлығы Халықаралық, Республикалық және қалалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары. Үлкен ұлым Қайрат Назарбаев Зияткерлік мектебін бітіріп, бүгінгі таңда Қазақ-Британ техникалық университетінің 3 курс студенті. Қызым Амина Саз колледжінің 3 курсының үздік студенті. Бірнеше рет қалалық, облыстық және Республикалық Ән байқауларының жеңімпазы. Ортаншы ұлым Қайсаржан мен кенже ұлым Қарасай Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицей-мектебінің 3-ші және 5-ші сынып оқушылары. Қайсаржан бірнеше рет қалалық және Республикалық математикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

 

4 комментария в “Шымкент қаласы Қаратау ауданынан праймеризге түсіп жатқан Серкебаев Есенбек Салдарбекұлының сайлауалды бағдарламасы

  1. Төрт түйінді мәселені негізге алған сайлауалды бағдарлама көңіл қуантарлық бағдарламаны ұсынған лайықты үміткер Серкебаев Есенбек Салдарбекұлына дауыс беріп, бүгінгі таңнан шарапат алайық және болашағымыздан жарқын үміт күтейік.

  2. Серкебаев Есенбек Салдарбекович нағыз лайықты кандидатура! Сондықтан дауыстарыңызды осы кісіге беріңіздер.

  3. Есенбек Серкебаевқа дауыс берейік.Қарапайым халықтың мұқтаж тілектері мен қиналғанға қол ұшын созып жәрдемін аямайтын саналы бауырмашыл ер азамат деп білемін.Есенбек келешекте Отанымыздың қүрметті азаматы бола бер.Шығар тауың биік болсын.Мәртебең өсе берсін

  4. Серкебаев Есенбектің сайлау алды бағдарламаларында барлық мәселелер қамтылыпты.Халықтың жанашыры бола білетініне сенімдіміз.Көзі ашық ұшқыр ойлы ,жан жақты ойлайтын ақылды нағыз іскер азаматқа не қуана дауыс бермеске.Ағайындар бірауыздан дауыс берейік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz