Мәдениет және спорт министрі Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді

Еліміздің Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шымкентке арнайы келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басты мақсат Шымкенттің тарихын өзгелерге таныту, келешек ұрпаққа насихаттау. Биылғы жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымқаланың 2200 жылдығы тойланады. Сонымен қатар «Шымкент — ТМД елдерінің мəдени астанасы» аясында көптеген республикалық жəне халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жоспарлануда.

Қалалық əкімдіктің мəжіліс залында мəдени іс-шараларға тікелей жауапты басшылармен жəне мамандармен кездесіп нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде қалалық мəдениет, архивтер жəне тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рашид Мамытұлы тарихи мерейтой аясындағы жұмыстар нақты жоспар бойынша жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар мəдениет министрінің тікелей бақылауында болатын болды.

Себебі Шымкенттің тарихи орыны, оның мəртебесінің биік болуы еліміз үшін аса маңызды екені белгілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz