Ұлы ақынның 175 жылдығына арналды.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтары күні, Университет кітапханасының оқу залында АББО кітапхана маманы, ҚР журналистер одағының мүшесі, ғалым, жазушы, сазгер Б.Қожахметовпен бірге «Абай дана – Абай дара қазақтың!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Кешке университетіміздің оқу әдістемелік бөлімнің проректоры Ә. Елтаев және «Болашақ» директоры М.Туртаев,профессорлар — Р.Ташкараев, Е.Турашев және университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.


Іс шараның модераторы -кітапханашы Н.Айтенова болды. Алғашқы сөзді университеттің оқу әдістемелік бөлімнің проректоры Ә. Елтаевқа берілді. Кеште Абай Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері, өмірі мен шығармашылығынан үзінділер оқылды. Акапелла да кітапхана меңгерушісі А.Одаманова Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап шықты. Көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында видео, аудио материалдар көрсетіліп, слайдтар қосылды. Б.Қожахметов Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, шығармаларына шолу жасап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтты.


Кеш барысында студент жастар, қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихындағы ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше екендігі жайында өз ойларын ортаға салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Понедельник 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Понедельник 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Понедельник 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Понедельник 08.05.2024 11:41:19
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі....
Понедельник 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz