Коронавирус. Психолог кеңесі

1. Вирус жайлы және проблема жайлы үнемі ойлап, айта бермеуге тырысыңыз. Жалпы шағым адамның иммундық жүйесін төмендетеді.

2. «Әлеуметтік жұғу» деген түсінік бар. Адамдар бір біріне вирус жайлы әртүрлі әңгімелер айта бастайды. Егер біреу қорқынышты жағдайлар туралы айта бастаса, тоқтатыңыз: себебі ол сіз үшін эмоционалды инфекция болуы мүмкін

3. Егер балаларыңыз карантин жағдайында үйде қалса, күн тәртібін жасап, ойындар мен жасайтын жұмыстардың тізімін жасаңыз.

4. Күніне бірнеше минут көңіліңізді көтеретін, жақсы дүниелерге уақытыңызды арнаңыз. Жақсы жағдайларды, оқиғаларды еске түсіріңіз, кем дегенде 15 минутты жаттығу жасаңыз. Вирус позитивті, мықты адамдардан қорқады.

5. Есіңізде болсын, адамзат көптеген дүниені бастан кешірді. Бұл да өтеді. Өмір бұл өзгерістерден тұрады, ал тұрақтылық адамды жалқаулыққа итермелейді. Жаңа проблемалармен адамда белсенділік, мүмкіндік пен шешім табылады

Өмірімізде жақсы жаңалықтар көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Среда 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Среда 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Среда 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Среда 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz