«Я дыбысы мен әрпі»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес, бастауыш сынып мүғалімі Нарымбаева Нұргүл 1«Б» сыныбында сауат ашу пәнінен «Я дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: «Я» дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. «Я» дыбысы қатысты сөздерді білдіру арқылы оқушының ой — өрісін сөздік қорын, тілін дамыту және «Я» дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ барасында оқушылар 3 тілде амандасу арқылы бастады. «Жұлдызшалар» арқылы 4-топқа біріктіріліп, «Миға шабуыл» топтық жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты меңгерді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Сабақ қорытындылауда «Адасқан әріптер» арқылы сөз жұмбақ шешті. Сабақ соңында «Ақылды үкі» әдісі арқылы кері байланыс берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz