ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (әрі қарай – Департамент) қала тұрғынының тұрғын-үй кезегіне тұра алмай жүргендігі жайлы өтініші түсті.
Аталған өтінішке сәйкес, өтініш иесі мемлекеттік тұрғын үйге кезегіне тұру бойынша Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасына (әрі қарай — Басқарма) өтініш жолдап, кезекке қоюдан бас тарту алған.
Департамент тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде, азаматты тұрғын үй кезегіне қоюдан негізсіз бас тарту фактісі анықталып, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыным берілді.
Осылайша, Басқарманың кемшілікті жіберген қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызмет алушы тұрғын үй кезегіне қойылды.
Айта кету керек, Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған QR-код көрсетілген Telegram (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) арнасы іске қосылған болатын.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша аталған арна арқылы сұрақтарын қойып, жүгіне алады. Сәйкесінше Департамент тарапынан тиісті іс-шаралар қабылданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz