Денсаулық Сақтаудың Болашағы — Сіздің Таңдауыңыз:
Құқықтарды Бірге Қорғайық!
Шымкент қаласының тұрғыны, мемлекеттік көрсетілетін қызмет
бойынша берген өтініш нәтижесімен оң қорытынды ала алмағандықтан,
Департаментке шағыммен жүгінген.
Аталған шағымды зерделеу барысында, Қала тұрғыны денсаулығына
байланысты ем алу үшін, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары
туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Әрі қарай — Қағида) сәйкес,
емханаға тіркелу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуіне жүгінген.
Алайда, аталған емхана Қағидада қаралмаған құжаттарды талап етіп, яғни
флюорографиядан өткендігі туралы диагностикалық анықтама ұсынбады
деген себеппен тіркеуден негізсіз бас тартқандығы анықталды.
Нәтижесінде, Департаменттің араласуымен мемлекеттік қызмет көрсету
Қағидасына сәйкес аталған азамат емханаға тіркеліп, құқығы қалпына
келтірілді.
Сәйкесінше, Департамент тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтен
негізсіз бас тартуына себеп берген мамандардың жауапкершілігін қарау және
алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермеу мақсатында тиісті шараларды
қабылдау туралы ұсыным жолданды.
Айта кетейік, аталған Қағидаға сәйкес кез келген азамат өз еркін
таңдаумен қала аумағында орналасқан медициналық мекемеге тіркелуге
құқылы.
Осы ретте, Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы
Департаменттің басты назарында екендігін жеткізе отырып, Мемлекеттік
көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша
Департаментке жүгіне алатынын мәлімдейміз.
Добавить комментарий
Вторник 21.08.2026 18:09:30
В день выборов в Курултай казахстанцы смогут оформить прописку на один день....Вторник 18.08.2026 16:37:23
Госуслуги на дом: казахстанцы выбирают выезд персонального менеджера...Вторник 31.07.2026 18:25:46
Мемлекетік қызметте өсу, меритократия қағидаты...Вторник 29.07.2026 06:42:47
Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН...Вторник 27.07.2026 11:04:54
Без очередей и лишнего ожидания: Шымкентцы все чаше выбирают персональное обслуживание в спецЦОНах...Вторник 24.07.2026 10:31:58
Казахстан представил международной делегации цифровые решения в сфере государственных услуг...Вторник 03.07.2026 12:17:23
График работы ЦОНов и спецЦОНов Шымкента на 6 июля...Вторник 01.07.2026 10:16:33
ЦОНы Абайского и Аль-Фарабийского районов Шымкента изменят режим работы с 1 июля...Вторник 30.06.2026 16:49:43
Шымкентцы могут получить водительские удостоверения, техпаспорта и госномера с доставкой на дом...Вторник 25.06.2026 12:55:34
СПОРТТЫҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР 4 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!...Вторник 26.05.2026 12:52:55
В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ОТКРЫТИЯ КУБКА МИРА ПО СТЕНДОВОЙ СТРЕЛЬБЕ...Вторник 15.05.2026 19:17:16
Семья без границ: ко Дню семьи в Шымкенте рассказали о браках и семейной статистике...Вторник 29.04.2026 18:36:06
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды"...Вторник 13.04.2026 13:26:31
Около 700 казахстанцев прошли обучение цифровой грамотности в ЦОНах за месяц...Вторник 01.04.2026 17:05:51
Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом...Вторник 06.03.2026 10:48:00
РАГС Казахстана отмечает 105 лет: как регистрация жизненных событий стала цифровой...Вторник 27.02.2026 15:16:00
Госуслуги с индивидуальным сопровождением: как работает сервис «Персональный менеджер»...



