Қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді

Қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі — Департамент) қала тұрғыны «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі — Басқарма) іс әрекетіне қатысты арызданған.
Арызда, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін алу үшін Басқармаға жүгінген.
Алайда, Басқарма тарапынан көрсетілетін тиісті мемлекеттік қызмет түрі көрсетілмегендіктен өзінің құқығын жүзеге асыра алмай жүргендігін көрсетіп, тиісті шара көруін сұраған.
Осыған байланысты, аталған арыз бойынша Департамент тарапынан Басқармаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, арызда көрсетілген мән-жайлар өз дәлелін тапты.
Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабының 1-тармағына сәйкес, Басқарманың лауазымды тұлғасына қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Среда 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Среда 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz