Шымкент қаласында Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға Ақназар хан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шарада жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері табысталды.
5 жылға арналған жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы Жастар жылы аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Алғашқы құрылыс жұмыстары аяқталған тұрғын үйге 30 жас ие болды.
Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, коммуналдық, құқық қорғау органдары, энергетика, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, кәсіпорын жұмысшылары құрады.
Алдағы уақытта тағы 874 пәтер беріледі. Сонымен қатар, алдағы екі жылда Шымқала жастары үшін 900 пәтерден беріледі.
Осы бағдарлама бойынша барлығы үш жыл ішінде 2704 жастар мен жас отбасылар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.