«Ұрпақтар сабақтастығы»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында  «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо мен оның жұбайы Ли Цзюнь және кеңесшісі Ван Цзянь ат басын бұрып, кітапхана жұмыстарымен және бөлімдерімен танысты.

Чжан Сяо осыған дейін Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Қытай бас консулдығында, Беларусь пен Украинадағы Қытай елшілектірінде қызмет еткен.

Сондай-ақ, ол 2011-2013 жылдары Қытайдың Өзбекстандағы елшісі болған. Ал, 2014 жылдан бері Ресейдегі Қытай елшілігінде кеңесші-уәкіл міндетін атқарды.

Кітапханаға арнайы келген делегация жақында ғана Қытай еліне саяхат жасап, тәжірибе алмасып қайтқан жастармен кездесу өткізіп, ашық сыр-сұхбат өткізді. Кездесуді Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев жүргізді.

 

Сонымен қатар, кітапханаға ізгі лебізін білдірген елшіге қала әкімдігінің атынан «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабы сыйға тарту етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz