ҚАЛАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН «БОЛАШАҚ ЖАС МАМАНДАРҒА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін 7 қараша күні «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бітіруші курс студенттерімен — болашақ мамандармен «Болашақ жас мамандар үшін, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, кәсіподақ қозғалысы туралы мәселелердің қажеттілігі туралы» тақырыбында қалалық, облыстық кәсіподақ ұйымының басшыларымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Манахов Абдурайра қатысып, кездесу жиынын «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Ерғазы Нұрлан Асқарұлы жүргізіп отырды.

Кездесу барысында кәсіподақ белсенділері С.Әуесханов пен А.Манахов Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне мән беруді, Түркістан облысында және Шымкент қаласында орын алған өндірістік жазатайым оқиғалар жөнінде нақты мысалдар, еңбек шартын және ұжымдық шарт жасасудың түпкі негізі жұмыскердің құқын қорғау және әлеуметтік жағдайын жасауға бағытталатыны, ол үшін кәсіподақ ұйымын құру мен кәсіподақ мүшесіне кіру қажеттілігі кеңінен түсіндіріліп, наситтау жұмыстары жүргізілді.

Колледждің бітіруші студенттері – болашақ мамандары берген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz