Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қалалық білім басқармасы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жыл 27 қараша күні 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы жолы-ертеңге өнеге» атты қалалық семинар өткізілді.

Шымкент  қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қалалық білім басқармасы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жыл 27 қараша күні 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы жолы-ертеңге өнеге» атты қалалық семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты-жас ұрпаққа Н.Ә.Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Бағдарламаға сәйкес семинарға келген  қонақтарымызды алдымен «Жас Ұлан» ұйымы мектеп тынысымен таныстырып өтті. Негізгі бөлімде, келген қонақтар сапалы білім берудегі озық тәжірибелі үздік ұстаздарымыздың тәрбие сағаттарына, зияткерлік сайысқа, көшбасшылық  ашық  коучингке, танымдық, ерлік  сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар,  2-сынып ата-аналары арасында өткізілген «Биікке самға» атты эстафеталық сайыстың куәсі болды. Семинардың қорытындылау бөлімі «Елбасы жолы-ертеңге өнеге» атты мерекелік концерттік бағдарламасымен өз жалғасын тапты. 5-сыныптың үздік оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының антын қабылдап, қонақтарымыз жылы лебізбен оқушыларымыздың галстуктарын тағып берді.

Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының директоры М.А.Медетбекова барлық жиналған қауымды мерекемен құттықтап, мектеп басшысы Ғалымжан Бауыржанұлына қалалық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін және кәсіби шеберлік көрсетіп, белсенділік танытып, тәжірибесімен бөліскен  мектеп ұжымына өз алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Воскресенье 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Воскресенье 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Воскресенье 08.05.2024 11:41:19
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі....
Воскресенье 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz