Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім…

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың 20 желтоқсанында «Адал ұрпақ» ерікті клубының жылдық жоспарына сәйкес « Жаман әдеттен аулақ бол!» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Сабақ барысында оқушылар топ-топқа бөлініп, «Салауатты өмір салты дегеніміз не?» деген сауалға ой бөлісті.

Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, сабақ барысында сол тапсырмаларды ортаға салды және жеке бас тазалығы, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу жайында бір-бірімен білімдерін алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz