КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ, КӘСІПҚОЙ БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Зауырбек Сұлтанмен КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Бүгін 25 желтоқстан Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде студент жастармен кәсіпқой бокстан «Әлем чемпионы» колледждің түлегі Заурбек Сұлтанмен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерғазы Нұрлан Асқарұлы жүргізіп отырды.

Кездесуге қонақ ретінде: Сманов Нұржан – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Атланта Олимпиадасының қатысушысы, Бокстан СССР, Европа және Азия чемпионы;
Құралбаев Ұлан – Шымкент қаласы жауынгерлік өнер ассоциациясының хатшысы;
Қуандық Сұлтан Нұрлыбайұлы – Муай тайдан, Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі төреші;
Колледжіміздің түлегі, Төлегенов Нұркен – Кикбоксингтен ҚР спорт шебері, әлем чемпионы арнайы қатысты.


Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, қылмыстың алдын алуға болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz