«Жұлдызды ән кеші»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың 23 желтоқсан күні эстетика пәні бірлестігінің онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушылары арасында «Жұлдызды ән кеші» атты мерекелік іс-шара  болып өтті.

Концерттің мақсаты: оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, өнерге баулу және сахнада өзін-өзі ұстауды қалыптастыру. Концерт барысында әр түрлі жанрда әндер шырқалды, көбіне ұлттық рухты асқақтатын патриоттық әуендер орындалды.

Оқушылардың сахнада өзін ұстауы, әнді жеткізе алуы өте жоғары деңгейді өтті. Өнерпаз оқушыларымызға алдағы уақытта тек шығармашылық табыс, өздерін тек биіктен көрсете берсін деп тілек білдереміз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz