«Желтоқсанда үзілген жауқазын»

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде, кітапханашылардың ұйымдастыруымен, 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай патриоттық апталығы іс-шара жоспарына сәйкес «Желтоқсанда үзілген жауқазын» атты тақырыптық әңгіме болып өтті.

Мұндағы мақсатымыз: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың ерлігі жайында терең мағлұмат беру. Ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Іс шараға 6 сынып оқушылары қатысып, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасалып,  Тәуелсіздік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

    

Сонымен қатар мемлекетіміз егемендікке қалай қол жеткізгені жайында бейне ролик көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz