Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың — ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеші.

          Академик Ә.Қуатбеков атындағы  ХДУ Абайтану орталығы мен  кітапхана ұжымы 2019 жылдың 9 желтоқсанында Университет кітапханасында  « Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші»    өткізілді .

Іс шараны ұйымдастырудағы басты мақсат —  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен студенттерді таныстыру , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуды  еліміздің жас буын санасына енгізу. Бұл кеште Абай Құнанбайұлының өмірі туралы деректер беріліп, өлеңдері оқылды. «Көзімнің қарасы», «Бір бала» әндері шырқалды.

Абайдың қара сөздері мен бірнеше өлеңдерін зор дауысымен, байыппен, шеберлікпен оқып, студенттер көрерменнің жүрегіне жеткізе білді. Кеште, Абай Құнанбайұлына арналған кітаптардан көрме ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz