ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «WorldSkills Shymkent-2020» ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ.

Оңтүстік өңірі, соның ішінде Шымкент қаласының тарихы тереңде жатыр. Қаламыз республикалық маңызы бар қалалардың қатарына кіргелі, киелі Сайрам елді-мекені қала аумағына енген болатын. Шымкент қаласы, Сайрам өңірінде орналасқан техникалық және аграрлық мамандарды дайындап шығаратын №10 колледжде 900 ден астам жастар кәсіптік білім алуда.

2020 жылдың 26-29 қазан аралығында Шымкент қаласында «WorldSkills Shymkent-2020» чемпионаты өз жұмысын бастаған болатын. Кәсіптік білім алушы жастардың біліктілігін шыңдайтын чемпионатқа №10 колледжден 9 құзыреттілік бойынша студенттер қатысуда. Олар: «Шанақ жөндеу», «Электромондық іс», «Сән технологиясы/Технологии моды», «Аспаздық ісі», «Дәнекерлеу технологиясы», «Сантехника және жылыту», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету жөндеу», оның ішінде «Ағаш шебері», «Шатыр жұмыстары» құзыреттіліктері республикалық чемпионатқа жолдама алды. «WorldSkills Shymkent-2020» чемпионаты Шымкент қаласындағы барлық колледждердің базасында өтуде.
«WorldSkills Shymkent-2020» чемпионатына қатысушы барлық студенттерге сондай-ақ №10 колледж студенттеріне сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz