Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды»

«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды»

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерінің басым бағыттарының бірі — бұзушылықтарды алдын-алу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше екпін қойылып, осы бағытта ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен 2026 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасына, мемлекеттік қызметшілердің іссапарға шығуы кезінде құқықтарының сақталуына және еңбек демалысына қатысты талдаулар жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау қорытындыларымен 196 бұзушылық анықталып, жүргізілген талдау қорытындыларымен 24 бұзушылық жойылды және 27 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, бұзылған құқықтарды қорғау жұмысында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ жоспарлы тексеру жұмыстары ерекше маңызға ие.

Осы ретте, есепті кезеңде Департаментпен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 18 жоспардан тыс және 2 жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 97 бұзушылық анықталып, оның ішінде 45 бұзушылық жойылды, орын алған бұзушылықтарға жол бергені үшін 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, тексеру қорытындыларымен 16 қызметшінің құқығы қорғалды.

Бұдан бөлек, қатардағы қызметшілердің құқықтарының бұзылуын алдын-алу, бұзушылықтарды болдырмау және жою бағытында өзінің елеулі үлесін қосып жатқан мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүргізіліп отырған мониторинг жұмыстарын ерекше атап өткім келеді.

Бұл тұста, есепті кезеңде жұмыс уақыты режимінің сақталуына 13 мемлекеттік мекемеде мониторинг жүргізіліп, нәтижесімен 42 бұзушылық анықталған, жалпы 42 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етілді.

Профилактикалық жұмыстар, сонымен бірге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы жүзеге асырылуда.

Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырылуда. Өткізіліп отырған кездесулер барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, оның заңнамалық негіздері талқыланады, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды болдырмауға, оларды алдын — алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

__________________________________________________________________

Мақала авторы:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Жанысбек Данияр Бахтиярұл

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz