Шымкент қаласында іссапарға бару мен оларға еңбек демалысын беру мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Шымкент қаласында іссапарға бару мен оларға еңбек демалысын беру кезінде, мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру немесе тарату, штат санын қысқарту, басқару құрылымын өзгерту кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізілді

Бүгінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алуға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық беруде.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру бойынша тәжірибелік семинар-тренинг өткізілді.                           

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру, аналитикалық ойлауды және нақты жағдайлар контекстінде құқықтық нормаларды түсіндіру болып табылады.

Тренинг барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, оның заңнамалық негіздері талқыланды, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнама талаптарын қатаң сақтау, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілді.

Атап өту қажет, Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып отырған мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру және іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша
23 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.

______________________________________________________

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Среда 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Среда 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz