📌 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

📌 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

🔰Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (Әрі қарай – Департамент) қала тұрғыны тұрғын-үй саласындағы уәкілетті органның іс әрекетіне қатысты арызданған.

🔰Аталған арызға сәйкес, азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендіру бойынша Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасына (Әрі қарай — Басқарма) жүгінген. Департаментпен аталған арызды қарау нәтижесінде, азаматтың құжаттарын қабылдаудан негізсіз бас тарту фактісі анықталып, Департамент тарапынан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыным берілді. Осыған байланысты, Басқарманың кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызмет алушының тұрғын үйді жекешелендіру үшін жинақталған құжаттары қабылданып, азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

🔰Айта кету керек, Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған QR-код көрсетілген Telegram (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) арнасы іске қосылған болатын.

🔰Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша аталған арна арқылы сұрақтарын қойып, жүгіне алады. Сәйкесінше Департамент тарапынан тиісті іс-шаралар қабылданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz