2020 жылдың 28 ақпан күні Мардан Сапарбаев институтының «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлер байқауы «Startup Bolashak: Менің арманым» жобасы өтті. Оған еліміздің бірнеше қаласынан келген болашақ кәсіпкерлер қатысты.
Сайыстың мақсаты – жастарды кәсіпкерлікке баулу, олардың қоғамдағы орнын айқындауға үлес қосу және өзгелермен бәсекеге түсуге дайындығын шыңдау. Оған қоса жас кәсіпкерлердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар сайысқа институт атынан сегіз жоба дайындалып, оның екеуі финалға жолдама алды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен келген Орал қаласының студенттері «Биогаз» жөнінде жұмыстарын қорғап, әділ-қазы алқасының жоғары бағасына ие болды.
Қатысушылардың барлығы ғылыми негізге сүйеніп, мақсаттарына талпынуда. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы үздік шыққан жобаларға демеушілік жасап өндіріске енгізуге ықпал ететін болады.
Жобаның бұл жолғы ерекшелігі жеңімпаздар өз кәсібін ашуға қомақты қаржы ала алады. 21 жасқа толған жағдайда оларға үш миллион теңге беріледі.