УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ЕРІКТІЛЕРГЕ АРНАЙЫ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

  Ағымдағы жылдың 21 ақпанында, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің мәжіліс залында, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, Шымкент қаласы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің қатысуымен маңызды кездесу өтті.

Кездесу барысында 2020 жылғы наурыз айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өтетін «Шымкент қаласы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» шарасының салтанатты ашылуына және қалада өтетін іс-шараларды ұйымдастыруда волонтерлердің қызметі, этикасы, ақпараттық танымдық мәліметтер берілген кездесуге университеттің қоғамдық жұмыстарында өздерін белсенді көрсетіп жүрген студенттері қатысты.


Естеріңізге салсақ, «Шымкент қаласы-ТМД мәдени астанасы» шарасының салтанатты ашылуына 65 мемлекеттің өкілдері мен қала тұрғындарының қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өткізіледі. Еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелден келетін мыңдаған қонақты күтуге дайындық жүргізудеміз. Ашылу салтанатын жоғары деңгейде өткізу жоспарланып отыр.
Университет баспасөз қызметі


Университет баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz