Республикалық ақпараттық — ағартушылық штабының мүшелері Шымкеттік жастармен кездесті

Шымкентке арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық — ағартушылық штабының мүшелері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Штаб басшысы Ырза Тұрсынзада, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, Ақпараттық-ағартушылық штабтың қалалық өкілдері 500-ге жуық студенттермен кездесіп, патриоттық рухпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңыздылығына тоқталды. «Ақпараттық-насихаттық штабы халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылды» — деді Штаб жетекшісі.

Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабтың басшысы, Университет проректоры С.Мәжінбеков студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сонымен қатар, адалдық принциптерін енгізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Кездесу барысында жастарға ерекше сенім білдіре отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсенді түрде жұмыла күресуге шақырды.

Одан әрі, қонақтарға жоғарғы оқу орнында ашылған жастар бойында адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Парасат» басқармасы мен «Адалдық дүкендерінің», студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысы таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вторник 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Вторник 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz