Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы…

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жылдық жоспарына сәйкес, «Жас Ұлан» ұйым атынан Б.Машековтың және «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Ш.Алпысбаеваның ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке-жылы сөз» тақырыбында Шымкент қаласы, Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың №3 Шымкент балалар үйіне барып мерекелік концерт қойып қайтты.

Іс-шара мақсаты: мереке қарсаңында бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау және оқушылардың бойына бауырмалдылық, қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Концерт барысында өнерпаз оқушыларымыз ән нен шашу шашып, мың бұрала билеп, өз сыйлықтарын табыстады.

Өткен іс-шарамыз арқылы оқушылар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке, адам жанына жылулық сыйлай алды деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz