ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАРСЫ АЛДЫ!

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАРСЫ АЛДЫ!



ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰРАЛАЙДЫ КӨЗГЕ АТҚАН МЕРГЕНДЕРІМІЗ ҮНДІСТАНДАҒЫ  ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 4 МЕДАЛЬДІ (1 алтын – 2 күміс – 1  қола)  ҚОРЖЫНДАДЫ!

2021 жылғы 18-29 наурыз аралығында Нью-Дели қаласы Үндістанда Стенд және оқ атудан рейтнигктік Әлем Кубогы өтіп жатыр, бұл тартысты жарысқа әлемнің 53 елінен 300 ге жуық мерген спортшылар қатысуда.

2021 жылғы 21 наурызда «SKEET» жаттығуында әйелдер арасында  Қазақстандық спортшы қызымыз Кравченко Зоя (Шымкент қ.) 114 ұпай санымен 5-ші болып финалға еніп, тартысты сәтте Ұлыбритания спортшысы  Хилл Емберге (финалдық нәтиже 51 ұпай) бір ғана нысанды мүлт жіберіп, Кравченко Зоя күміс медаль жеңіп алды (финалдық нәтиже 51 ұпай).



2021 жылғы 22 наурызда  «SKEET» жаттығуында әйелдер арасында  Қазақстандық спортшы қыздарымыз командалық есепте Кравченко Зоя (Шымкент қ.),  Насырова Рината (Шымкент қ.) мен Панарина Ольга  (Шымкент қ.) 327 ұпаймен финалға екінші болып еніп,  байрақты бесекеде алаң иелері Үндістанның әйелдер құрама командасын (финалдық нәтиже  4 ұпай) тізе бүктіріп, нәтижесінде қыздарымыз алтын медальді (финалдық нәтиже 6 ұпай) қанжығалады.



2021 жылғы 22 наурызда «SKEET» жаттығуында ерлер арасында  Қазақстандық спортшы жігіттеріміз командалық есепте   Почивалов Давид (Шымкент қ.), Ещенко Эдуард  (Алматы қ.) пен Мухамедиев Александр (Шымкент қ.) 501 ұпаймен финалға еніп,  қола медальға  қол жеткізді.

2021 жылғы 23 наурызда  «SKEET» жаттығуында Қазақстандық 1-ші аралас құрама командасы командалық есепте  Панарина Ольга (Шымкент қ.) мен Ещенко Александр (Алматы қ.) 140 ұпаймен финалға екінші болып еніп, додалы тартыста  күмістен алқа тақты.

Әлем Кубогының 2021 жылғы 23 наурыздағы медальдық нәтижелері бойынша   Қазақстан құрамасы  3 орында болса, 2 орында АҚШ, кесте басында алаң иелері Үндістан құрама командасы  көш бастап тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Воскресенье 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Воскресенье 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Воскресенье 08.05.2024 11:41:19
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі....
Воскресенье 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz