Шымкентте 10 күннің ішінде Армениядан әкелінген 110 автокөлік тіркелді

1 маусымнан бастап Шымкент қаласында Армения мемлекетінен әкелінген 110 автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды. Алғашқы 10 күннің нәтижесінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті 110 автокөлікті тіркеп үлгерген. Атырау, Маңғыстау облыстарынан кейінгі үздік үштікті Шымкент қаласы жалғап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен бітпейді.

Аталмыш департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу ісіне қатысты жүрргізушілерге тиісті кеңес береді. Сондай-ақ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автокөлікті 11 мың 946 теңге төлеп, 15-20 минуттың ішінде теркеуге болады. Тіркеу құнына: – 695 теңге – тіркеу үшін алым; – 3 773 теңге – көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж; – 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді. Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады.

Тіркеу биыл маусымнан бастап 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz