Онкүндік іс-шараларын

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицей ұлы академик Өмірбек Жолдасбековтың 90 жыл толуына орай онкүндік іс-шараларын бастады.

15.02.2021 жылы лицейдің базасында оқушылар арасында қалалық шахматтан турнир өткізілді. Турнирге 1, 7, 9, 23, 47, 68 мектептердің оқушылары қатысты. Лицей директоры А.С.Аманкулова құттықтау сөз айтты. Турнирді гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева ашты, шахматтан Азияда 3 дүркін, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы. Жас шахматисттерге сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы «Дарын орталығының» директоры Р.О.Джеренова турнирде жеңіске жеткен құрама командаларды құттықтады және марапаттады. Іс-шараға лицейдің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Ж.Отыншиев қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz