Бүгін, Шымкент қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлының қатысуымен брифинг өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер мен өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Нақтырақ айтқанда, Мемлекеттік басқару академиясының түлектерін өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектерді аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндіктері бар.
Ол үшін, біріншіден, жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы (грантпен) қажет.
Екіншіден, диплом бойынша GPA баллы 3,33-тен төмен болмауы керек.
Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергіні жоюдың тағы бір жолы – агенттік келісімімен «Б» корпусының жоғары лауазымдарына конкурссыз тікелей тағайындау.
Ал, шығу тәртібіне келетін болсақ — екі тоқсан бойы төмен бағаланған қызметшіні төмендету, ал төменгі лауазым болмағанда – оны қызметтен шығаруды көзделеді.
Сонымен қатар, Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеу мен оны өткеруді толық цифрландыру арқылы «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.
«Eqyzmet.gov.kz» жүйесінің сыртқы порталында іске асырылатын мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленді. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдері, әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
«Е-қызмет» жүйесінде барлық маңызды ақпараттық жүйелер интеграция жасалынды. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар жоғын тексеру, үміткердің біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның барлығын жүйе автоматты түрде өзі жасайтын болады. Алдағы уақытты біздің жоспарымыз жаңа пилоттық жобаны іске асыру.
Пилот 1 наурыздан бастап 31 желтоқсан аралығында 5 мемлекеттік органда өтетін болады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Ақмола және Шымкент қаласының әкімдіктері.
Добавить комментарий
Среда 12.10.2026 16:46:08
Шымкент занял четвертое место по числу новорожденных в Казахстане...Среда 03.10.2026 19:03:01
Госкорпорация представила AI-решения 1414 на форуме AI & Digital Bridge 2026...Среда 30.09.2026 13:27:28
С 1 октября — новый график дежурных ЦОНов Шымкента...Среда 28.09.2026 13:12:16
В Шымкенте маломобильным гражданам оказали 142 госуслуги на дому...Среда 14.09.2026 23:29:08
В Шымкенте 15 тысяч свидетельств о рождении оформлено онлайн...Среда 14.09.2026 10:57:48
Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді...Среда 10.09.2026 18:47:57
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді...Среда 10.09.2026 18:42:13
С начала года в Казахстане появилось более 74 тысяч новых семей...Среда 07.09.2026 19:34:11
Шымкент стал лидером по обучению цифровой грамотности среди регионов...Среда 04.09.2026 09:12:19
Камбоджа перенимает передовые подходы Казахстана к цифровизации государственных услуг...Среда 28.08.2026 17:06:30
Госкорпорация обучает цифровой грамотности жителей сельской местности...Среда 27.08.2026 16:49:29
ЦОН Каратауского района переезжает на новый адрес...Среда 21.08.2026 18:09:30
В день выборов в Курултай казахстанцы смогут оформить прописку на один день....Среда 18.08.2026 16:37:23
Госуслуги на дом: казахстанцы выбирают выезд персонального менеджера...Среда 31.07.2026 18:25:46
Мемлекетік қызметте өсу, меритократия қағидаты...Среда 29.07.2026 06:42:47
Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН...Среда 27.07.2026 11:04:54
Без очередей и лишнего ожидания: Шымкентцы все чаше выбирают персональное обслуживание в спецЦОНах...



