«Агенттік қоғам өкілдерінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ескере отырып, Әдеп жөніндегі кеңес құрамын БАҚ және белсенді қоғам өкілдерімен жаңғырту жұмысын жүргізді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын үнемі жетілдіріп отыру – Агенттіктің басты назарында. 2022 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Онда:
Біріншіден, мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылды.
Екіншіден, жаңа редакцияда «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттар» белгіленді. Олар – ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік, және клиентке бағдарлану.
Үшіншіден, Агенттік пен оның аумақтық органдары қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалды. Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, комиссиялар мен кеңестердің әдеп бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша жұмыстары жандандырылды.
Агенттік төрағасы Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің санының төмендеу тенденциясын атап өтті.
Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда былтыр қозғалған істердің саны 29 %-ға азайған. Жыл қорытындысы бойынша Кеңес ұсынымдарының орындалуы 97%-ды құрады.
Агенттіктің үйлестіруімен әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан ауқымды түсіндірме жұмыстары атқарылып, 20 мыңнан астам азамат пен қызметшіге жеке консультативтік көмек көрсетілді.
Бақылау жұмыстары бойынша 753 тексеру жүргізіліп, 16 мыңнан астам бұзушылық анықталып, заңсыз актілердің күшін жою туралы 493 ұсыным және ұйғарым енгізілді.
ҚР МҚІА Баспасөз қызметі
Добавить комментарий
Понедельник 03.10.2026 19:03:01
Госкорпорация представила AI-решения 1414 на форуме AI & Digital Bridge 2026...Понедельник 30.09.2026 13:27:28
С 1 октября — новый график дежурных ЦОНов Шымкента...Понедельник 30.09.2026 12:02:07
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ПАРА ОҚ АТУ СПОРТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУДА...Понедельник 29.09.2026 16:52:28
КАЗАХСТАНСКАЯ НАЦИОНАЛЬНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ СПОРТИВНОЙ СТРЕЛЬБЫ УКРЕПЛЯЕТ МАТЕРИАЛЬНО-ТЕХНИЧЕСКУЮ БАЗУ ПАРА ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЫ...Понедельник 28.09.2026 13:12:16
В Шымкенте маломобильным гражданам оказали 142 госуслуги на дому...Понедельник 14.09.2026 23:29:08
В Шымкенте 15 тысяч свидетельств о рождении оформлено онлайн...Понедельник 14.09.2026 10:57:48
Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді...Понедельник 10.09.2026 18:47:57
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді...Понедельник 10.09.2026 18:42:13
С начала года в Казахстане появилось более 74 тысяч новых семей...Понедельник 07.09.2026 19:34:11
Шымкент стал лидером по обучению цифровой грамотности среди регионов...Понедельник 04.09.2026 09:12:19
Камбоджа перенимает передовые подходы Казахстана к цифровизации государственных услуг...Понедельник 28.08.2026 17:06:30
Госкорпорация обучает цифровой грамотности жителей сельской местности...Понедельник 27.08.2026 16:49:29
ЦОН Каратауского района переезжает на новый адрес...Понедельник 21.08.2026 18:09:30
В день выборов в Курултай казахстанцы смогут оформить прописку на один день....Понедельник 18.08.2026 16:37:23
Госуслуги на дом: казахстанцы выбирают выезд персонального менеджера...Понедельник 31.07.2026 18:25:46
Мемлекетік қызметте өсу, меритократия қағидаты...Понедельник 29.07.2026 06:42:47
Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН...Понедельник 27.07.2026 11:04:54
Без очередей и лишнего ожидания: Шымкентцы все чаше выбирают персональное обслуживание в спецЦОНах...Понедельник 24.07.2026 10:31:58
Казахстан представил международной делегации цифровые решения в сфере государственных услуг...Понедельник 23.07.2026 10:27:46
КАЗАХСТАНСКИЙ СТРЕЛОК ЗАВОЕВАЛ ЗОЛОТУЮ МЕДАЛЬ НА ЧЕМПИОНАТЕ МИРА ISSF ПО ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ (ДВИЖУЩАЯСЯ МИШЕНЬ)!...



