Өңірлік кадр резервіне «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды

Өңірлік кадр резервіне «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды.

Өңірлік резервтің мақсаты – өңірді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылар тобын қалыптастыру болып табылады.                                                                   

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға қала әкімі, комиссия төрағасы Ғ.Сыздықбеков қатысып, барлық іріктеуге қатысушы кандидаттарға сәттілік тіледі.
Қала әкімі төрағалығымен жиналған өңірлік комиссия мүшелері кандидаттардың өздері таңдаған салалық бағыттарға сәйкес дайындаған жобаларына бағаларын берді. Отырыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сала сарапшылары, ЖОО, БАҚ, бизнес өкілдері мен байқаушылар қатыстырылды.

Сұхбатқа қатысқан кандидаттар өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салалары бағытында жобаларын қорғап, комиссия мүшелерінен түскен қосымша сұрақтарға жауап берді.

Айта кету қажет, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алған іріктеуге Шымкенттен 400-ге жуық азамат өтініш білдіріп, бұдан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілген.

Осылайша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ассессорлармен өткізілген «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне қатысқан 58 кандидаттың 47-і «Құрылымдық сұхбат» кезеңіне өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вторник 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Вторник 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz