Ерғали Досымжан Ержанұлы Шымкент қаласының Киокушинкай-кан каратэден аға жаттықтырушысы.2015 жылдан бастап «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының » ҚБ Шымкент қаласының филиал басшысы қызметін атқарамын.Каратэмен өзім 15 жыл көлемінде Нұр-Сұлтан қаласында айналыстым,осы спорт түрінен спорт шебері атағын және қара белбеу 1 дан иегері болған соң,маған өз туған жеріме оралуды ұсынды.
2015 жылы алғаш рет Шымқалаға келген болатынмын.Бастапқыда спорт зал мәселері бәрі өте қиын болатын,спортшылар саны да аз еді.2015 жылдың желтоқсан айында жарыс өткіздім,сол жарыстың жақсы нәтижесінен кейін спортқа қызығушылар саны өсті.Мамыр айында Шымкент қаласының кубогы атты турнир өткіздік және сол жарысқа балалар үйінің тәрбиеленушілерін қонаққа шақырып спорттық сыйлықтар табыстадық.Қазіргі таңда Шымкент қаласында 300ден астам оқушы осы спорт түрімен айналысады,аз уақыттың ішінде Азия чемпионы халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын дайындадым.
2019 жылдың қазан айында ҚР-ның чемпионатын жоғары дәрежеде өткіздік,ашылу салтанатында қала әкімінің өзі болды.Алға қойған мақсаттарым өте көп,өзіміздің каратэ орталығын ашқым келеді…
Өз жұмысын сүйетін жігіттер көбейе берсін. Алға жігіттер.