Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы не білесіз?

Дамыған елдерде «мемлекеттік қызметтегі комиссар» деп аталатын, қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының сақталуын бақылап, бұзушылықтарды алдын алу үшін Елімізде Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілген.

Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Сонымен қатар, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Осыған сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлықпен күресте, оның алдын алуда, мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етумен байланысты үлкен мақсаттар қойылған.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілерге жүктелуі тиіс.

Осы орайда, Шымкент қаласы әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілген. Сондай-ақ қаламыздың барлық аудан әкімдері аппараттарында және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті ұжымда қадірлі және құрметке ие болған, жұмыс тәжірибесімен қоса өмірлік тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілерге жүктелгенін атап өту қажет.

Аталған тұлғаларға әрдайым ұжымда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының, әдеп кодексінің талаптарының бұзылуы фактілері бойынша алдын алу туралы ұсыныспен жүгінуге болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің үйлестіру жұмыстарының нәтижесі бойынша бүгінгі күнге әдеп жөніндегі уәкілдердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда азаматтармен конструктивті диалогты қалыптастыру, ашық қарым-қатынас орнату, атқарылып жатқан жұмыстардың жариялығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарында елеулі оң өзгерістерге қол жеткізіліп жатқанын айта кету қажет.

Қоғам мен мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде ғана бұзушылықтарды
алдын-алуға мүмкіндік туады. Бұл мәселеге еліміздің әрбір азаматы өзінің үлесін қосатын болса, халыққа адал және сапалы қызмет көрсететін кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатына қысқа мерзімде қол жеткізетініміз сөзсіз.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы
Жанысбек Данияр Бахтиярұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz