«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» — Президентіміздің тапсырмасы мемлекеттік аппарат қызметінің жеделдігін арттыратыны сөзсіз.
Қазіргі уақыттағы өзекті сын-қатерлерге төтеп беру үшін, мемлекеттік аппарат тез шешім қабылдап, оны тез орындау жағдайын қарастырғаны ләзім.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдар регламентіне сүйеніп, нәтижеге қол жеткізудің орнына, бастысы регламентті қатаң сақтауды бірінші орынға қоятыны жасырын емес. Бұл өз кезегінде жұмыстың бюрократияға салынуына жол ашады.
Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еткен іс-тәжірибемнен түйгенім, жоғарғы орталық органдарға уақытында есеп беріп отыру мемлекеттік мекемелердің қызметінің көрсеткіштерінің бірі. Осыған орай құжат айналымы мен есептілікті қысқарту туралы жарлықтың талаптары көңіліме қонады.
Немесе мемлекеттік мекемелердің құзыреттерін, функциялары мен өкілеттіктерін шамадан тыс нақтылау, кейбір жағдайларда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеусіз қабылдау ерекше тәртібін енгізу туралы жолдарды қолдау маңызды.
Жергілікті жерлердегі саны көп консультативтік кеңесші органдардың шамадан тыс көптігі, олардың негізгі жұмысы тоқсан сайын отырыс өткізу екендігі көптен айтылып жүрген мәселе. Ендігі уақытта олардың санының екі есе қысқартылуы өте құптарлық жайт.
Кеңестерді белгілеу мен өткізудің негіздерін нақты регламенттеу, кеңестерді жоспарлау мен жүйелеуді цифрландыру, кеңестерді бейнеконференцбайланыс және онлайн өткізу де күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Бір жиналыстан шығып, келесісіне қатысып, өз жұмыс орнына кеш ауасы жететін мемлекеттік орган басшылары жеткілікті. Барлық жиындарды жүйелеп, жұманың басында тапсырмалар беріліп, жұманың аяғында атқарылған жұмыстарды саралап, алға мақсаттар белгілеу дұрыс па деп санаймын.
Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін кеңестер мен жиналыстарды азайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу үшін, солардың ортасында болу, сұрақтарына құлақ түру, тез шешілуіне ат салысу – бүгінгі мемлекеттік қызметкердің басты міндеті деп ойлаймын.
Тек бюрократиядан арылу, ашықтық пен жариялылық алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бермек.
Көмекбаев Ә.А., ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.
Добавить комментарий
Среда 06.03.2026 10:48:00
РАГС Казахстана отмечает 105 лет: как регистрация жизненных событий стала цифровой...Среда 27.02.2026 15:16:00
Госуслуги с индивидуальным сопровождением: как работает сервис «Персональный менеджер»...Среда 25.02.2026 18:18:00
Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение...Среда 18.02.2026 13:40:14
В Шымкенте документы из ЦОНа доступны 24/7: как работают постаматы...Среда 06.02.2026 18:12:05
В мобильном приложении «ЦОН» внедрен онлайн-сервис заказа номерных знаков...Среда 04.02.2026 18:08:46
Шымкент — в числе лидеров по оказанию госуслуг:...Среда 16.01.2026 22:45:54
АДЕЛЬ САДАКБАЕВА АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!...Среда 16.01.2026 22:40:55
ЕЩЕНКО ЭДУАРД АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ!...Среда 30.12.2025 17:03:07
С нового года в Шымкенте обновляются адреса дежурных ЦОНов...Среда 12.12.2025 16:43:02
ЦОНы и спецЦОНы Шымкента не будут работать 16 декабря...Среда 08.12.2025 23:27:31
Национальный Олимпийский Комитет Республики Казахстан...Среда 04.12.2025 14:31:34
20 лет ЦОН. История развития через людей...Среда 25.11.2025 17:46:58
Новый сервис информирования: граждане смогут заранее узнавать о доступности государственных услуг...Среда 24.11.2025 10:54:41
В Шымкенте отметили 20-летие Центров обслуживания населения...Среда 12.11.2025 09:53:04
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР МЫСЫРДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!...Среда 29.10.2025 20:21:11
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме семинар өтті...Среда 29.10.2025 18:20:23
Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді...Среда 29.10.2025 18:17:41
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілердің міндеті...



