Шымкентте “қарасора” өсімдігін пластикалық шелектерде егіп-өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды

Шымкент қаласының тұрғыны үйінде тыйым салынған “қарасора” өсімдігін өсіргені анықталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында құрамында есірткі заттар бар өсімдікті өсіру фактісін анықтады. Жасы 40-қа таяп қалған қала тұрғыны өз үйінде өсіруге тыйым салынған “қарасора” өсімдігін пластикалық шелектерде егіп-өсірумен айналысқан.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Воскресенье 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Воскресенье 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Воскресенье 08.05.2024 11:41:19
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі....
Воскресенье 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz