Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Сананың ашықтығы»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Сананың ашықтығы»

Қандай ғылым болса да, ол – адам санасына дербес, 

ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.

Әбу Насыр Әл-Фараби

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа тәсілдер тауып, қоғамның қалай қабылдайтынын білу маңызды мәселе болып саналады. Осы орайда ғылыми қоғамдастық өз пікірлерін айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, белсенді түрде талқылау жүргізуде. 

Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерді әркім қалай түсінетінін анықтайтын кез келді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму сатысында кез келген адам белгілі ортада және әлеуметтік желілерді пайдаланып, сананың ашықтығының не екенін түсінуге мүмкіндігі бар және өз пікірін білдіре алады. 

«Сананың ашықтығы қандай» деген сұрақ туындалғанда бүгінде қоғамдық пікір көшбасшылары, саяси партиялардың өкілдері, жастар ортасының белсенділері әртүрлі көзқарас туындатады. Сананың ашықтығы туралы түсінігі бойынша бірқатар сарапшылар – бұл үнемі дамуға, тәжірибеден үйренуге, өзгерістерге әрқашан дайын болу және заман ағымында сенімді жүзуге ұмтылу деген пікір білдіреді. Ашық ойлы адам бәсекеге қабілетті және заманның кез келген сынағына дайын болу керек деген де пікірлер туындалады.

Білім беру саласында сананың ашықтығы жөнінде ой бөлісетіндер – олар окытушылар және білім алушылар. Көптеген сұрақтар бойынша оқытушылар өз тәжірибелерімен бөліседі, өз көзқарастарын жеткізуге тырысады. Білім алушылар қызу талқылайтын, өз пікірлерін ашық білдіретін сұхбат алаңы – бұл дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар өткізілетін аудитория. Аудиториядан тыс өткізілетін түрлі кеңес беру және тәрбиелік маңызы зор тәлімгерлік іс-шаралар өткізілетін орталарда сананың ашықтығы айрықша орын алады. Мысалы, оқытушы әрбір сабақтын басында алғы сөз ретінде тек қана сана жөнінде ғана емес, жалпы өмір, білім және ғылым жөнінде ұлы ойшыл ғұламалардың нақыл өсиет сөздерін қысқаша келтіріп, мән-мағынасына ой жүгіртсе білім алушылардың жалпы қызығушылығын арттырады.

Рухани жаңғыру бағдарламасында «Сананың ашықтығы – бұл дүниеде не болып жатқанын түсіну жаңа технологиялық тәртіп әкелетін өзгерістерге дайындық, басқалардан үйрену, озық тәжірибені қабылдау қабілеті. Ашық сананың маңызды құралы мен шарты ағылшын тілін жаппай білу» – делінген. Осы тұрғыдан ой өрбітетін болсақ, дүниеде не болып жатқанын түсіну үшін көбінесе әлеуметтік желілерге жүгінеміз, қолдағы интернет желісіне қосылған смартфон мен айфондар қолжетімділік береді. Жаңа технологиялық тәртіп әкелетін өзгерістерді ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен цифрландырудың дамуы байқатады. Ал енді басқалардан үйренуде, озық тәжірибені қабылдауда оқытушының, оның ішінде тәлімгердің рөлі маңызды. Ашық сананың маңызды құралы мен шарты ағылшын тілін жаппай білу мәселесі енді әркімнің өз ұмтылысына, талабына байланысты болар. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз, алайда, қаншама тілді үйренсек те, ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. Сауатты түрде дұрыс бағыт-бағдар берілсе, білім алушының санасының ашықтығы үлкен өріс алады. Әрине, білім алушылардың ата-аналарына, жақын туысқан ортасына қойылатын жауапкершілік те қатар жүруі керек.

Осы мәселе төңірегінде бірқатар ойшыл ғұламалардың аманатын келтіруге болады. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына. Айта кетеін болсақ тарихи деректер бойынша Әл Фараби 70-ке жуық тіл білген.

Абай аманатына құлақ түрсек: «Баламды медресеге біл деп бердім, шен алсын, шекпен алсын деп бермедім…» – деуі арқылы адамның борышы шен-шекпен емес, тәрбие арқылы туған халқына қызмет ету дегенді меңзегенін ескеру қажет. 

«Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деген кезінде Мағжан Жұмабаев.

Ендеше елдігімізді ерте қамдаймыз десек, «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді», деп айтылғандай, құрсақтан берілетін тәрбиенің орны бөлек. Сонда осы тәрбиемен бармақтай болса да берілген білімнің қоғам үшін өлшеусіз қазына болып оралатыны да сөзсіз. Ұлттық сана сақталған ортада ғана игі қасиеттер ел өмірінде жалғасады, ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі үшін оның ұлттық сана деңгейі көтерілуі қажетті шарт болуы керек.

 

«Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Тургенбаев Д.Н.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz