МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Елімізде барлық мемлекеттік қызметшілер бойынша ақпаратты қамтитын «Е-қызмет» жүйесі жұмыс жасайды. Бұл жүйеде кез-келген мемлекеттік қызметші туралы толық ақпарат, яғни білімі, қайда қызмет еткені, отбасы жағдайы, марапаттары мен жауапкершілікке тартылғаны және тағы басқа жеке мәліметтерден бөлек, мемлекеттік мекемеге қашан кіріп, қашан шыққанына дейін толық ақпарат қамтылады.
Аталған жүйенің қалыпты жағдайда жұмыс жасауы мен тұрақты түрде жаңартылып отыруына қатысты бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімдері мен басқарма басшыларын бас қосқан жиында ерекше атап өтті.
Әкім төрағалығымен өткен бұл жиын мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарына арналды. Аталмыш басқосуда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті департаментінің басшылығы Президент Әкімшілігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылауындағы негізгі көрсеткіштерді қамтитын тапсырмалардың орындалу барысы жайлы баяндады.
Сонымен қатар, өңір басшысы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінен бөлек, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мерзімдері, таза ауысымдылық, кадр тұрақтылығы мен командалық ауысу мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе бірінші басшылардың этикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жіті бақылауында екенін атап өтті.
Аталған жиында өңірдің атқарушы органдарының бірінші басшылары мен аудан әкімдері бас қосты.
КАДРЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында кәсіби және этикалық талаптардың төмендеуіне жол бермей, сабақтастық пен институционалды жадыны қамтамасыз ету маңызды екенін атап өткен.
Бұл ретте, Президент Әкімшілігінің тікелей тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік органдардағы білікті, тәжірибесі мол мамандарды сақтай отырып, өз еркімен жұмыстан кететін азаматтардың санын қатаң бақылауда ұстайды. Әсіресе таза ауысымдылық, кадр тұрақтылығы мен командалық ауысу мәселелеріне тұрақты түрде талдаулар жүргізіп, тиісті шаралар қабылданады.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет саласының негізгі бағыттарына арналған жиын өтті. Аталған жиында өңірдің атқарушы органдарының бірінші басшылары мен аудан әкімдері бас қосты.
Жиын барысында кадр тұрақтылығынан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің оқытылуы, яғни, біліктілігін арттыру ман қайта даярлау мәселесі ерекше аталып өтті. Бірінші басшылар қызметкерлерінің оқытуына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін қызметшілерін халықпен дұрыс қарым-қатынас орнату, қызмет түрлерін сапалы әрі мерзімінде көрсету мәселелері бойынша тұрақты түрде біліктілігін арттырып отыруының маңыздылығы айтылды.
ХАЛЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН
САПАЛЫ ӘРІ МЕРЗІМІНДЕ АЛУЫ ТИІС
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүйелі түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бақылай отырып, қызметтерді көрсетудегі бизнес процесстер мен тисіті нормативті-құқықтық актілерді тұрақты жетілдірумен айналысады.
Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 25 қарашасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың төрағалығымен өңірдің атқарушы органдарының бірінші басшылары мен аудан әкімдері бас қосты.
Өңір басшысы мемлекеттік қызмет көрсететін орган басшыларына бизнес процесстерін сақтамау, артық құжат талап ету және негізсіз бас тарту фактілерін болдырмауды тапсырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін қызметшілерін халықпен дұрыс қарым-қатынас орнату, қызмет түрлерін сапалы әрі мерзімінде көрсету мәселелері бойынша тұрақты түрде біліктілігін арттырып отыруының маңыздылығын айтты.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛУДА
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі орнатылуда.
Аталған жүйе «Е-қызметпен» ықпалдастырылуының негізінде қызметшілердің жұмыс орнына келіп-кетуі тіркеліп, мемлекеттік қызмет істері Департаментінің тұрақты бақылауында болады.
Шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға, яғни, еңбек заңнамасын қатаң сақтауға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнындағы кідірісін, демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға бағытталған.
Аталған жұмыстың орындалу барысын талқылау мақсатында, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасымен жиын өткізілді.
Өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартып, еңбек тәртібін бұзбастан, қажеттілігіне қарай қашықтықтан және аралас режимді, сондай-ақ жұмыстың икемді жұмыс кестесін енгізу практикасын жалғастыру керектігін атап өтті.
Ал үстеме жұмысқа жол берген басшыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарауды Еңбек инспекциясы басқармасына тапсырды.
ОБСУЖДЕНИЕ ОСНОВНЫХ НАПРАВЛЕНИЙ ГРАЖДАНСКОЙ СЛУЖБЫ
В стране действует система «электронных услуг», которая содержит информацию обо всех государственных служащих. Система содержит подробную информацию о любом государственном служащем, то есть об образовании, где он работал, семейном положении, наградах и обязанностях, а также другую личную информацию, а также о том, когда он поступил и покинул государственное учреждение.
Аким Шымкента Мурат Дуйсенбекулы сегодня на встрече акимов районов и руководителей отделов особо отметил функционирование системы и ее постоянное обновление.
Встреча под председательством городского головы была посвящена основным направлениям государственной службы. На встрече руководство местного управления Агентства по делам государственной службы отчиталось о выполнении поставленных задач, в том числе по ключевым показателям, подконтрольным Администрации Президента и Агентству по делам государственной службы.
Кроме того, глава региона отметил, что помимо информационной системы «Электронное обслуживание» внимательно отслеживаются качество и сроки оказания государственных услуг, чистая текучесть кадров, стабильность кадров и текучесть коллектива, этика госслужащих, особенно руководителей высшего звена. уполномоченным органом государственной службы.
На встрече присутствовали первые руководители исполнительных органов акимов областей и районов.
СТАБИЛЬНОСТЬ ПЕРСОНАЛА
В своем послании от 1 сентября 2020 года Президент Касым-Жомарт Кемелович Токаев отметил важность обеспечения преемственности и институциональной памяти без ущерба для профессиональных и этических стандартов.
При этом в соответствии с прямым указанием Администрации Президента уполномоченный орган по делам госслужбы и его территориальные управления строго контролируют количество граждан, добровольно уволившихся в отставку, с сохранением квалифицированных, опытных специалистов в государственных органах. В частности, регулярно анализируются вопросы чистой текучести кадров, стабильности персонала и смены команды, и принимаются соответствующие меры.
В связи с этим 25 ноября текущего года под председательством Акима Шымкента Мурата Дуйсенбековича Айтенова прошло совещание по основным направлениям государственной службы, инициированное Управлением по делам государственной службы. На встрече присутствовали первые руководители исполнительных органов акимов областей и районов.
В ходе встречи, помимо обеспечения стабильности кадров, был затронут вопрос обучения государственных служащих, то есть переподготовки. Было отмечено, что руководители берут на себя большую ответственность за обучение сотрудников и постоянно повышают квалификацию поставщиков государственных услуг в вопросах хороших отношений с общественностью, качества и своевременности услуг.
ВИДЫ ОБЩЕСТВЕННЫХ УСЛУГ
ДОЛЖЕН ПОЛУЧИТЬ КАЧЕСТВО И ВРЕМЯ
В Послании народу Казахстана Глава государства подчеркивает важность повышения доверия населения к государственным органам за счет повышения качества государственных услуг. Он отметил, что качество государственных услуг является ключевым показателем эффективности государственных служащих, и как государственный потребитель он должен быть ориентирован непосредственно на население.
Агентство по делам государственной службы постоянно занимается постоянным совершенствованием бизнес-процессов и соответствующих нормативных актов при предоставлении услуг, постоянно следя за качеством государственных услуг.
В связи с этим по инициативе Управления по делам государственной службы 25 ноября текущего года под председательством Акима Шымкента Мурата Дуйсенбековича Айтенова встретились первые руководители исполнительных органов акимов областей и районов.
Глава региона поручил руководителям госуслуг избегать несоблюдения бизнес-процессов, избыточной документации и необоснованных отказов.
Он также подчеркнул важность постоянного профессионального развития поставщиков государственных услуг по вопросам правильных отношений с населением, качества и своевременности услуг.
ПРАВА ГРАЖДАНСКИХ СЛУЖБ ЗАЩИЩЕНЫ
В целях реализации Национального плана действий по реализации Послания Президента РК народу Казахстана от 5 октября 2018 года в соответствии с поручением Агентства по делам государственной службы Республики Казахстан введена система контроля доступа и управления доступом. устанавливается управление во всех государственных органах.
На основе интеграции этой системы с «е-услугой» приход и уход сотрудников на рабочее место регистрируется и постоянно контролируется Департаментом по делам государственной службы.
Мера направлена на защиту прав государственных служащих, т.е. неукоснительное соблюдение трудового законодательства, в том числе прекращение перерывов в работе в конце рабочего дня, практика работы в выходные дни.
Для обсуждения хода выполнения этой работы 25 ноября текущего года под председательством Акима Шымкента Мурата Дуйсенбековича Айтенова было проведено совещание по инициативе Департамента по делам государственной службы.
Глава региона отметил, что необходимо продолжить практику привлечения госслужащих к сверхурочной работе, без нарушения трудовой дисциплины, а также введение удаленного и смешанного режима, а также гибкого графика работы.
Он поручил Управлению инспекции труда рассмотреть возможность привлечения к административной ответственности руководителей, допускающих сверхурочную работу.