«Спорт күніне» Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының салауатты өмір салтын сақтау және отбасылық тәрбие бағыты бойынша, «Спорт күніне» орай 2019 жыл 16 қараша күні 1-сынып ата-аналары арасында эстафеталық сайыс өткізілді.

Сайысқа қатысушы командалар  «Барыс»-1 «А», «Алғырлар»-1 «Ә», «Барс»-1 «Б»,  «Болашақ»-1 «Д»,  «Жас қыран»-1 «Ж»,  «Самғау »-1 «Е» топтарынан тұрды. Командалар 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Әр сайысқа  ойыншылар ынта-жігермен қатысып, шеберлікпен тапсырмаларды орындады. Сайыс өте қызықты, тартысты, қызуқанды өтті. Жалпы мұндай іс-шараның өтілуі мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналды. Ондағы мақсатымыз — ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту және шыныққан, білімді, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені-«Жас қыран» тобы-1 «Ж»сынып, 1- орынды — «Барыс» тобы-1 «А» сынып, 2-орынды-«Барс »тобы-1 «Б» сынып, 3-орынды-«Алғырлар» тобы-1 «А» сынып ата-аналарына бұйырды. Қалған командалар белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапаттады.

Ал бас жүлдені иеленген команда финалға жолдама алды. Сайысқа белсене қатысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Воскресенье 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Воскресенье 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Воскресенье 08.05.2024 11:41:19
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі....
Воскресенье 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz