Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының іс-шара жоспарынына сәйкес, жасөспірімдерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті күшейту мақсатында 2019 жыл 09-14.12 күндері аралығында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай патриоттық апталығы деп жарияланды. 9 желтоқсан күні тарих пәні әдістеме бірлестігі апталықтың ашылу салтанатында апталықтың тақырыбын, мазмұны және мақсатымен таныстырып, оқушыларды апталық барысында белсенділік танытуға шақырды.