Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебі, қалалық білім басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы №10-06-03/8425/2 хаты негізінде 24.12.2019 жылы оқушылар сарайында өткен «Президенттік шырша және жергілікті әкім шыршасы» мерекелік іс-шарасына қатысты.
«Президенттік шыршаға» мектебімізден 5-сыныптан 1оқушы, «Жергілікті әкім шыршасына» 5 оқушысы қатыстырылды. Мерекелік кеште оқушыларымыз арнайы костюмдерімен ерекшеленіп, дайындаған тақпақтарымен бөлісті. Аяз ата мен ақша қар жаңа жылдық мерекеге байланысты ізгі тілектерін білдіріп, оқушыларды өз сыйлықтарымен қуанышқа бөледі. Іс-шара соңында барлық қатысушы оқушыларға ұйымдастырушылар тарапынан мерекелік сыйлықтар табыс етілді, оқушылар би билеп ерекше көңіл-күймен қайтты.
Оқушыларды өмір қауіпсіздігіне жауап бере отыра мектебіміздің әлеуметтік-педагог Ш.Ж.Тілеубай апарып әкелді.