Жүлделі І орынды!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің» студентті республикалық байқаудан жүлделі І орынды иеледі!

5 ақпан мен 10 наурыз аралығында, Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының ұйымдастыруымен республикалық «Колледж Аруы – 2021» атты конкурс өткізілді.

Осы байқауға Шымкент қаласындағы колледждер ішінен «Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің» ІІ курс студенті Нышанбаева Сымбат Қайратқызы бақ сынады. Байқау төмендегі 5 (бес) тур бойынша өтті.

  1. «Мен қазақтын қызымын» өзін-өзі таныстыру,
  2. «Менің өнерім» ән орындау,
  3. «Менің қол өнерім» өнерін көрсету,
  4. «Таңғажайып киім» сәндік киім
  5. «Соңғы шарты» инстаграм желісі парақшасында дауыс жинау

шарттары бойынша өтті. Өткізілген байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, республика көлемінде талантты бойжеткен жастардың мүмкіндіктерін барша көрерменге паш етіп, үндестік пен әдемілік арқылы өлкеміздің гүлденуіне үлесін қосу, еліміздің әр өңірлеріндегі талантты колледж жастарын анықтап, оларды марапаттау, шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету, жастарды патриоттық тәрбиемен сусындатып, егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау негізінде болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның «Арнайы тігінші» мамандығының ІІ курс студенті Нышанбаева Сымбат Қайратқызы  жоғарыда көрсетілген 5 (бес) тур бойынша қатысып, жүлделі І орынды иеледі. Байқау ұйымдастырушылары тарапынан студентіміз Нышанбаева Сымбат Қайратқызына арнайы «Грамота» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz