Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдар арасында үздік мемлекеттік қызмет көрсетушіні анықтауға бағытталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындысын шығарды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам қызмет көрсетуші қатысты. Қатысуға ниет білдергендер қатарында Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының қызмет көрсетушілері жоғары белсенділік танытты.
Республикалық комиссияның шешімімен Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» атағына ие болды.
Сонымен қатар, осы номинацияда бірінші орынды Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің Шоғы Мұналы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі, екінші орынды Шымкент қаласының әділет департаменті, үшінші орынды Костанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Костанай қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы иеленді.
Республикалық комиссияның құрамына Агенттік және Мемлекеттік басқару академиясы, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар кірді.
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар республикалық комиссияға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бейнепрезентацияларын ұсынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оларды көрсетудегі бюрократиялық кедергілерді жою бойынша «Адамдар ең алдымен» тақырыбындағы жобаларын қорғады
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы Агенттікпен биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Конкурстың негізгі мақсаты – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, оларды ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту.
Конкурс сондай-ақ клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппарат қағидаттарын қалыптастыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға үлес қосқан үздік қызмет көрсетушіні анықтауға және көтермелеуге бағытталған.
Конкурс жеңімпаздары «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орайластырылған салтанатты іс-шарада марапатталады.
Добавить комментарий
Понедельник 19.09.2023 16:49:16
Мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын дамыту мәселесін талқылау аясында кездесу өтті...Понедельник 19.09.2023 16:43:34
Получить отсрочку от призыва на воинскую службу можно онлайн...Понедельник 13.09.2023 11:21:47
Президенттік жастар кадр резервін жастар арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде...Понедельник 11.09.2023 20:29:38
Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу күшейтілуде...Понедельник 31.08.2023 15:57:58
С 1 сентября дежурный ЦОН и спецЦОН г. Шымкент будут работать по новому адресу...Понедельник 21.08.2023 19:37:50
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ📌...Понедельник 17.08.2023 18:38:18
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ...Понедельник 07.08.2023 19:44:50
Подать заявку на возврат ошибочных пенсионных и социальных отчислений теперь можно онлайн...Понедельник 31.07.2023 12:06:57
Более 20 тысяч услуг оказал новый «Миграционный ЦОН» с момента открытия...Понедельник 25.07.2023 12:47:38
Жители Шымкента могут получать услуги РАГС в онлайн-формате...Понедельник 17.07.2023 17:12:25
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Onaykyzmet.shymkent» Telegram арнасы іске қосылды...Понедельник 05.07.2023 14:50:38
В АДГС подвели итоги работы за первое полугодие 2023 года...Понедельник 05.07.2023 14:46:54
МҚІА 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысты қорытындылады...Понедельник 04.07.2023 19:20:08
Госкорпорация провела торжественное вручение свидетельств о браке...Понедельник 29.06.2023 17:05:20
ПОРЯДОК РЕГИСТРАЦИИ БРАКА НЕ ИЗМЕНИТСЯ...Понедельник 28.06.2023 06:16:10
Осторожно, мошенники!...Понедельник 22.06.2023 12:03:10
Мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қызметін дамыту мәселелері талқыланды...Понедельник 22.06.2023 12:01:02
В АДГС обсудили вопросы волонтерства среди госслужащих...Понедельник 20.06.2023 03:39:31
Уважаемые услугополучатели!...Понедельник 15.06.2023 05:55:35
С 5 июня дежурный ЦОН г. Шымкент будет работать по новому адресу....