В ШЫМКЕНТЕ ЧЕМПИОН АЗИИ ПО АРМРЕСТЛИНГУ ТИМУР СПАТАЕВ ПОДНЯЛ ВЕРБЛЮДА ВЕСОМ 400 КИЛОГРАММ!

⠀Мастер спорта международного класса по рукопашному бою, чемпион Азии, 5-кратный чемпион Республики Казахстан, рекордсмен мира, выступавший во Франции, Германии, Узбекистане, г. Тюмень, Спатаев Тимур Даулетбакович  который последовал за прославленным великим борцом Кажымуканом, перед Центральным стадионом имени Кажымукана 11 апреля в 11-00 часов в честь 150-летия со дня рождения Кажымукана Мунайтпасулы, показал искусство поднятия верблюда весом около 400 килограммов.

Основная цель мероприятия-популяризация мирового искусства борца, ставшего общим для всего тюркского народа, пропаганда перед следующим поколением и поклонение духу нашего батыра.

Напоминаем, Кажымукан Мунайтпасулы — первый профессиональный борец в истории казахского спорта. Всю свою жизнь посвятил искусству борьбы, и тем самым первым возвысил свою великую землю и народ в мировой истории.

Кроме того, казахский великан стал чемпионом мира в нескольких видах борьбы. С непревзойденным искусством побывал на кругосветке, поборолся в 54 государствах, завоевал 48 медалей.

Известно, что последние годы жизни владыка великой силы провел в Ордабасинском районе и был похоронен у села Темирлан

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
КҮШ АТАСЫНА ТАҒЗЫМ!

Күш атасы даңқты Қажымұқанның ізін жалғастырып, өнерін паш етіп жүрген қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, Әлем рекордшысы Франция, Германия, Өзбекстан, Тюмен қалаларында өнер көрсеткен Спатаев Тимур Даулетбақұлы Шымкент қаласы, Қажымұқан атындағы орталық стадионы алдында 11 сәуір сағат: 11-00 де Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жылдығына орай, 400 килоға жуық Түйе көтеру өнерін көрсетті.

Іс-шараның негізгі мақсаты, Күллі түркі жұртына ортақ болған балуанның әлемге танытқан өнерін дәріптеу, келер ұрпаққа насихаттау және батыр бабамыздың рухына тағзым жасау.

Айта кетсек, Қазақтың қара күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлы – Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен.

Сонымен қатар, күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы атанған қазақ алыбы.Теңдесіз өнерімен жер шарын аралап, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.
Орасан күштің иесі өмірінің соңғы жылдарын Ордабасы ауданында өткізіп, Темірлан ауылының іргесінде жерлегені белгілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz