Шымкентте тарихи тұлғалардың ескерткішіне маска тағылды — әкімдік пікір білдірді

Шымкентте тарихи тұлғалардың ескерткішіне маска тағылды. Қалалық әкімдік өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне маска тағылған суреттер тарай бастады. Суреттерден бөлек, ескерткіштерге маска тағуға қатысты қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қол қойған құжат тараған.

«Қалада орналасқан ескерткіштерге бетперде тағу жұмыстарын ұйымдастыру», — делінген құжатта.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныстың сөзінше, бұл расында қалада болған жағдай.

«Желіде тараған құжат рас. Шараның негізгі мақсаты — пандемия кезінде маска тағуды насихаттау, пандемияның тарауына кедергі болу. Бұл негізі шетелде кеңінен тараған үрдіс. Бірақ шетелде жасалған нәрсе біздің елімізде де халыққа өте береді деген сөз емес. Оны кейбір адамдар дұрыс қабылдамады», — дейді әкімдік өкілі.

Бекен Қоныстың сөзінше, бұл шараға ешқандай қаржы бөлінбеген.

«Бұл шара қазақтың ұлы тұлғаларына қарсы жаман оймен жасалған жоқ. Тек пандемиямен байланысты. Қателеспесем, қаладағы екі ескерткішке маска тағылды. Бүгінде масканың ескерткіште тұрған не тұрмағанынан бейхабармын. Алса алып та тастаған шығар. Бұл жерде маңыздысы масканың қандай материалдан жасалғаны немесе қай күні алынғанында емес. Бастысы — оның мақсаты», — дейді Бекен Қабыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 12.05.2021 16:45:59
Хлеб подорожал в Шымкенте...
Воскресенье 12.05.2021 16:36:22
5 шагов к новым документам...
Воскресенье 09.05.2021 22:49:29
Поздравление от гарнизона...
salem-shym.kz