Танымал қазақ әншісі «Дикий» Арманның көмегімен 8 бөлмелі үй алғанын айтты

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева «Дикий» Арманның арқасында зәулім үй алғанын айтты. Бұл туралы әнші 7 арнадағы Aibat жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Бәрі YouTube-тан доллар лақтырып жатқанын көрді ғой. Сол түскеніне әуелі келдім де, үй алдым. Қазір 8 бөлмелі үйім бар, Аллаға шүкір. Одан кейін Дубайға бардық. Ол кісінің тағы да берген ақшасына үйімнің ішін толтырдым. Кәдімгі түзу жолдағы, қазақ деп жаны ашитын ер азаматтың бірі, кәдімгі қазақтың батыры», – деді Наркенже Серікбаева.

Көпшілік «Дикий» Арман деп танитын Жұмагелдиев қазақ өнерпаздарын шақырып, Дубайда, Түркияда кештер ұйымдастырған. Сол кештердің біріне барған ақын Балғынбек Имашев Арманмен ешқандай байланысы жоқ екенін айтып ақталды.

«Ешқандай байланысым жоқ. Сол жерде бірінші көрдім ғой. Мені ол жерге шақырған Айнұр. Қонақ ретінде шақырды. Арман бізді ешқашан, еш жерге шақырған емес», –  деді ол.

Бұған дейін Қайрат Әділгерей де Айнұр Тұрсынбаеваның шақыртуымен Арман Жұмагелдиевтің туған кешін жүргізгенін айтқан еді.

Айта кетейік, «Дикий Арман» Алматыдағы қақтығысты ұйымдастырды деп екі айға қамауға алынды.

Айта кетейік, 2 ақпанда адвокаттар «Дикий» Арманның тергеу изоляторынан жоғалып кеткенін мәлімдеген. Кейін Жұмагелдиевтің басқа изоляторға ауыстырылғаны анықталды.                    Назгүл Әбушәріпқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Воскресенье 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Воскресенье 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Воскресенье 08.05.2024 11:41:19
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі....
Воскресенье 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz